Алматы әкімі Қалқаман ықшамауданындағы емхананы күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды
Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхана ғимаратын аралап, мекеменің қазіргі жағдайы мен медициналық инфрақұрылымды өз көзімен көрді, деп хабарлайды Orda.kz.
2018 жылы № 35 қалалық емхана қайта құрылып, №7 қалалық клиникалық ауруханамен біріктірілді.
№7 қалалық клиникалық аурухана директоры Манас Рамазанов қала басшысына аурухана тек Алматыда ғана емес, республика бойынша ең ірі медициналық мекеме екенін атап өтті. Мұнда тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 800-ге жуық науқас емделіп, 20-дан астам медициналық көмектер бойынша қызмет көрсетіледі.
Нейрохирургия саласында емдеу мекемесі Алматының төрт ауданында медициналық көмек көрсетеді, қаладағы инсультке арналған төсектердің жартысы немесе 70-тен астамы осы мекеменің екі инсульт бөлімшесінде орналасқан. Осы клиникалық аурухана жанындағы емханаға жақын маңдағы 31 мыңнан астам тұрғын бекітілген. Қазіргі уақытта дәрігерлік амбулатория қызметінің ауысымына 200 келушіні жоспарлауға мүмкіндігі бар. Емханада екі мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
Медициналық мекеме ғимараттарын аралау барысында қала әкіміне биылғы жылдың наурыз айында жүргізілген құрылыс жұмыстарының техникалық байқау қорытындысы ұсынылды.
Емхананың қойма бөлмелері орналасқан жертөле қабатында бірінші және екінші қабаттардың арасында ішкі және сыртқы барлық қабырғаларында ені 2-3 см көлденең жарықтар пайда болған. Ғимараттың бұрыштары шытынап, яғни құрылымның тұтастығы бұзылан. Әрине, бұл қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігіне зиян. Сондықтан қазіргі уақытта емхана ғимараты қауіпті деп бағалануда.
Ерболат Досаев №7 қалалық клиникалық ауруханадағы емхананы тексеру қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасына медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Құрылыс басқармасына емхананы күрделі жөндеуден өткізу, емхана ауруханасын қайта құру, жаңғырту және қосымша заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау және инновациялық технологияларды енгізу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу тапсырылды. Бұл жұмыстар халыққа заманауи, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Медициналық ұйым ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жобасын іске асыру 2024 жылға жоспарланған.
Айта кету керек, құрылыс-монтаж жұмыстары емхананың жұмысын тоқтатпай жүргізілетін болды, яғни науқастарға медициналық көмек толық көлемде көрсетіле береді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады