Әлиев Ресейге қарсы талап арыз дайындап жатқанын мәлімдеп, Украинаны басқыншылықпен келіспеуге шақырды
Фото: Minval
Әзірбайжан AZAL әуе компаниясының ұшағы апатына байланысты Ресейге қарсы халықаралық соттарға жүгіну үшін құжат әзірлеп жатыр. Бұл туралы Илхам Әлиев кеше Шуша қаласында өткен медиафорумда айтты, деп хабарлайды Orda.kz Minval-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, апатқа қатысты жағдай «ашық күндей айқын». Алайда Бакудің бірнеше рет жасаған сұраныстарына қарамастан, жеті ай ішінде Ресей тарапынан Ақтау маңында болған оқиға жөнінде нақты жауап келмеген. Мұндай ұстаным – нәтиже бермейтіні белгілі.
Әлиевтің айтуынша, қазіргі таңда Әзірбайжанның бұл іске қатысты халықаралық соттарда шындықты қорғауға жеткілікті дәлелдері бар. Ол сондай-ақ Малайзияның «Боинг» ісіндегі сияқты, Әзірбайжан да қанша қажет болса, сонша уақыт күтуге дайын екенін атап өтті.
Бұған дейін Minval басылымы ұшақтың Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен Грозный үстінде атып түсірілгені жазылған түсініктеме мәтінін жариялаған болатын. Бұл жазбаның ресейлік әскери қызметшіге тиесілі болуы мүмкін екені айтылған.
Апат жөнінде біз бұған дейін кеңінен жазған едік:
Ресей AZAL ұшағының апатын тергеу бойынша есепке түсініктеме беруден бас тартты. Бұған дейін AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы пайда болды.AZAL әуе рейсінің Ақтау маңында болған апатын зерттеу жалғасып жаңа «ақпараттар» пайда болды.
Өз сөзінде Әлиев украин халқы мен билігіне де үндеу жасап, жерлерінен айырылып қалуға көнбеуге шақырды. Ол Әзірбайжанның өз аумақтарын қайтару тәжірибесін үлгі ретінде ұсынды.
«Халықаралық құқыққа негізделген барлық уәжіміз – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің армян күштерін шығаруды талап ететін төрт қарары – тәкаппар насихаттың тас қабырғасына соғылды. Бізге «қазіргі жағдаймен келісу керек» деген үндеу жолданды. Бірақ біз жаңа шындықты өзіміз жасаймыз деп шештік», – деді ол.
2023 жылы Әзірбайжан Қарабақтағы бақылауды қайта орнатып, осыдан кейін өңірден армян халқының басым бөлігі көшіп кетті.
2024 жылы шілде айында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды.
Бұған дейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев елдер арасындағы 44 күндік соғыс кезінде Арменияға қару-жарақ Ресейден Қазақстан, Түркіменстан және Иран арқылы жеткізілгенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Жапаров досына не үшін ренжіді: Қырғызстан ҰҚК беделі түсіп кетті
- Олимпиада-2026: 21 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады
- Голан төбесіндегі қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
- Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау әуежайында не істеп жүр?
- World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлына бір жылға жарысқа қатысуға тыйым салды
- Ильхам Әлиевтің күзеті наразы топпен қақтығысты: Елшілік түсініктеме берді
- Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ілтипат білдірді
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығатын мерзімі ұзартылды
- Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров жарысқа киген костюмін музейге тапсырды
- Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті
- Иран АҚШ-тың әскери ұшақтарын сатып алғысы келеді
- Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 гала-шоуында өнер көрсетеді
- Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
- Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды
- Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
- Қазақстанда 37 градусқа дейінгі аяз болады
- Лақап аты «Грудак»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды
- Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді