Алғабастағы өрт: әкімдік пен полиция журналистерге кедергі келтіріп жатыр

cover Фото: Orda.kz

Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы өрттен кейін ауыл тұрғындары екі отбасының жерлеу рәсімін өткізді. Ал әкімдік пен полиция қызметкерлері БАҚ өкілдерінің жұмысына кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Үйдің маңында тек сабақтан қайтып келе жатқан мектеп оқушылары ғана көрінеді. Көршілердің айтуынша, бұл отбасы бір жыл бұрын ғана көшіп келген. Түгел ауыл қаза тапқандардың жаназасын өткізіп, марқұмдарды ақтық сапарға шығарып жатыр.

Алайда әкімдік пен полиция қызметкерлері журналистердің жұмысын шектеп отыр. Марқұмның үйін әкімдіктің адамдары мен ҰҚК қызметкерлері күзетіп, «түсіруге болмайды» деп, жуналистің жұмысына кедергі келтірген. Аудан әкімінің орынбасары екенін айтқан ер адам Orda тілшісінің киімінен тартып, сыртқа шығарып тастаған.

Еске сала кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында бүгін таңертең екі қабатты үйден шыққан өрттен 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. Өрт сөндірушілер келген кезде үй түгелдей өртеніп кетті. Құтқарушылар тексеру барысында ес-түссіз жатқан үш адамды сыртқа шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар