Әлеуметтік желіде желдей ескен «несиені кешіре салатын» ақпарат жалған
Коллаж: Айқын
Банктердің қарыздарын кешіретіні туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді түрде таралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді. Ведомство қазақстандықтарды дереккөздерді тексеруге және қарызға қатысты «мәселені шешіп бере салатындар» ұсынып отырған делдалдардың уәделеріне сенбеуге шақырды.
Реттеуші елімізде мерзімі өткен қарыздарды реттеудің ресми тетігі - тікелей банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар арқылы жұмыс істейтінін еске салды.
Ал мұндай қызметтерді үшінші тұлғалар мен күмәнді схемаларсыз да пайдалануға болады.
Бұның бір шешімі – қарызды қайта құрылымдау, яғни қаржылық жүктемені азайту үшін несиелік келісім шарттарын өзгерту.
Қайта құрылымдауға қашан өтініш беру керек?
Егер қарыз алушыда қаржылық қиындықтарға нақты себеп болса, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарайды, мысалы:
• табыстың төмендеуі немесе жұмысынан айырылу;
• қатерлі ауру немесе мүгедектік;
• бала күтіміне байланысты демалыс;
• әскери қызметке шақыру;
• форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүлкін ұрлату және т.б.).
Банкке неғұрлым тезірек хабарлассаңыз, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихыңыздың нашарлауынан және заңды өндіріп алудан құтылу мүмкіндігі жоғары.
Қалай өтініш беруге болады?
Кешіктірілгеннен кейінгі 30 күн ішінде қайта құрылымдау туралы өтінішпен банкке хабарласыңыз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіңіз және растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) қоса беріңіз. Банк 15 күнтізбелік күн ішінде өтінішті қарап, ықтимал мүмкіндік ұсынады.
Қайта құрылымдаудың қандай нұсқалары бар?
Банктер бірнеше шешім ұсына алады:
• несие мерзімін ұлғайту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлемді арттырады;
• пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі – Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі төмендетілген жағдайда мүмкін;
• төлемдерді кейінге қалдыру – төлемдерден уақытша босатады, бірақ пайыз есептеу жалғасады;
• айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару – банк өсімпұлды ішінара есептен шығара алады;
• өтеу тәртібін өзгерту – негізгі қарызды басымдықпен жабу.
Банк қайта құрылымдаудан бас тартса не істеу керек?
Егер банк қайта құрылымдауды мақұлдамаса, сіз:
• банк омбудсменіне хабарласа аласыз;
• қаржылық заңгермен кеңесуге болады;
• қайта қаржыландыруды қарастыру – ескісін неғұрлым тиімді шарттармен өтеу үшін жаңа несие алу.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жеке тұлғаларға ерлі-зайыптылардың келісімінсіз несие беруге тыйым салу күшіне енді. Бұл жаңашылдық отбасылардың мүдделерін қорғауға және ерлі-зайыптылардың бірінің ойланбастан ірі тұтынушылық несие алуына жол бермеуге бағытталған.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Жаңа базалық мөлшерлеме халықты ипотекасыз қалдыру қаупін тудырды
- 3 млн-нан астам қазақстандық ерікті түрде өздеріне несие алуға тыйым салды
- 348 адамға несие алдыртқан: 3,7 млрд шығын келтірген алаяқ банк қызметкерлері ұсталды
- Елімізде шағын несие беру шарттары қатайтылды
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп