Әлеуметтік желіде құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

cover Фото: ҚМА

Ойын платформасына кіру үшін мыңнан астам құмар ойынын ұсынған «bingo37.pro» сервисі әшкереленді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚМА мәліметінше, олардың қатарында «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындар бар.

Күдікті Telegram және WhatsApp арқылы ойыншыларды тартқан. Желілерде түрлі акциялар мен бонустық бағдарламалар туралы ұсыныстар айтылған. Сонымен қатар, қолданушыларға жеңіл әрі жылдам ұтысқа қол жеткізуге болатынын айтып, құмар ойынына шақырған. 

Күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын дропер ретінде тартқан. Олар Қазақстан аумағына әдейі келіп, банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді тіркеген. Нәтижесінде дроперлердің атына тіркелген шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

«2025 жылдың тамыз айында Р.Бахтияр Оглы халықаралық іздеуге жарияланып, сот оған сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған» деп хабарлады ҚМА.

Биыл қаңтарда күдікті Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар