Алакөлдегі өрт: жеті адам зардап шекті

cover скриншот

5 шілде таңда Алакөлдегі өрт сөндірілді. Өрт салдарынан төрт демалыс орны жанып кетті, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

«Алдын ала берілген ақпарат бойынша өрт аумағы 3000 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан төрт демалыс орталығы зардап шекті. 7 адам медициналық көмекке жүгінді, тексеруден және алғашқы медициналық көмек көрсетуден кейін олар ауруханаға жатқызуды қажет етпеді» делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

скриншот

Қатты жел өртті сөндіруге кедергі болды, салдарынан өрт тез арада үйден үйге тарады, дейді өрт сөндірушілер.

«Алакөл» демалыс базаларының бірінде болған өрттің видеосын 4 шілде күні кешке демалушылар редакцияға жолдаған. Куәгерлердің айтуынша, өрт тез басқа демалыс орындарына жайылып, төртеуі: Әйгерім, Керуен, Жібек жолы және Жұмағазыдағы үйлер өртенген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар