Алаяқ астаналықтарға бір жарым миллион теңге үшін көліктерді заңдастыруға уәде берген

cover Коллаж: Orda.kz

Елорда полицейлері жүргізушілерге ақшаға шетелдік көліктерді заңдастыруға көмектесемін деп уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне елорда тұрғыны хабарласты. Оның арызында белгілі бір азамат көлікті заңдастыруға уәде беріп, ол үшін бір жарым миллион теңге сұраған. Алайда, ол сөзінде тұрмай, ақшаны алып жоғалып кетті.

Тағы бес адам полицияға осындай шағым түсірген. Құқық қорғау органдары зардап шеккендер тағы да көп болуы мүмкін дейді.

«33 жастағы ер адам байланыстарына сілтеме жасай отырып, шетелдік көліктерді заңдастыруда қиындықтарға тап болған жүргізушілерге көмектесуге уәде берді. Қызмет көрсеткені үшін жәбірленушілер алаяққа 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін төлеген» деді Астана полиция департаментіндегілер.


Алаяқ өз кінәсін мойындады. Ол сотқа дейін абақтыға қамалды.

«Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, олар қала аумағында дәл осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтап жатыр» деп толықтырды полиция департаментіндегілер.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар