Ақжарқын Тұрлыбайды қайтару үшін Нигерия азаматын экстрадициялау жолдары қарастырылып жатыр
Фото: әлеуметтік желіден
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нигерия азаматын тергеуге алу үшін Қазақстанға экстрадициялау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Алматы полициясы Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунға қатысты заңсыз есірткі айналымы үшін қылмыстық іс қозғады. Оған Интерпол арқылы іздеу жарияланды.
«Бұл іс біздің назарымызда. Қазір Интерпол іздеудегі азаматтың нақты орналасқан жерін анықтап жатыр. Ол белгілі болған соң экстрадицияланады», – деді Қойгелдиев.
Алайда, қазір Қазақстан мен Нигерия арасында экстрадиция туралы келісім жоқ.
Еске салайық, 2014 жылы студент Ақжарқын Тұрлыбай Алматыдан Қытайға ұшып барған. Айтуынша, Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортун Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін апарып, табыс табуды ұсынған. Сөмкесінен есірткі табылған Ақжарқын Қытайдан ұшып бара жатқанда ұсталып, өмір бойына сотталған еді.
Айта кетейік, бүгін, 30 қазан күні Оралда әкімдік алдында аштық жариялаған белсендіні полиция ұстады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады