Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бір адам кома жағдайында жатыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат 33 жаста. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған, ол комада жатыр.
«Апат салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді» деп жазылған хабарламада.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Байғанин ауданының орталығы – Қарауылкелді кенті маңында болған. Тас жолда «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан.
Сондай-ақ оқиға орнына санитарлық авиация мамандарын жіберу жоспарланып отырғаны хабарланды. Олар науқасқа алдын ала кеңес берген.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігі ескертілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді