АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй

cover Фото: x.com / @intogreyx

Ақ үй АҚШ атынан келіссөздерге вице-президент Джей Ди Вэнс қатысатынын хабарлады. Алғашқы раунд сенбі күні, 11 сәуірде басталады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұған дейін Пәкістанның премьер-министрі келіссөздер жұма күні, 10 сәуірде Исламабадта басталады деп күтіліп отырғанын айтқан болатын.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Вашингтон Ливанды АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімінің бөлігі деп санамайтынын да растады. Израиль 8 сәуір, сәрсенбі күні соғыс басталғалы бері Ливанға ең ауқымды соққы жасады.

Ақ үй өкілінің айтуынша, Трамп Иранды екі апталық атысты тоқтату келісімінде көзделгендей Ормуз бұғазын ашуға мәжбүрлейді.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, Иран бастапқыда АҚШ қабылдамаған жоспар ұсынғанымен, кейін Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатудың неғұрлым ақылға қонымды жоспарын ұсынғанын айтты.

Левитттің мәлімдеуінше, Тегеран байытылған уранды беруге келіседі. Ол сондай-ақ атысты тоқтату туралы жарияланар алдында Трамптың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлескенін жеткізді.

Бұған дейін Тегеран Вашингтонмен жасалған келісімге қарамастан, Израильдің Ливандағы «Хезболла» ұйымына жасаған ауқымды соққысынан кейін (100-ден астам адам қаза тапқан) Ормуз бұғазын қайта жапқаны хабарланған.

Еске сала кетейік, 8 сәуірге қараған түні АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келген. Бұл келісімге Израиль де қосылды, алайда олардың пайымынша Ливан бұған кірмейді — онда Израиль ираншыл «Хезболла» ұйымына қарсы әскери әрекеттерін жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар