АҚШ Қытайды Қаржы министрлігіне кибершабуыл жасады деп айыптады

cover Фото: Pexels

АҚШ Қытай хакерлері қаржы министрлігіне кибершабуыл жасады деп айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.

Reuters мәліметінше, АҚШ-тың қаржы министрлігі Конгресске Қытай атынан әрекет ететін хакерлер департаменттің компьютерлік жүйесін бұзып, жұмыс компьютерлері мен құпия емес құжаттарға қол жеткізгені туралы хабарлады. 

8 желтоқсанда бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметтерін ұсынатын үшінші тарап BeyondTrust компаниясының қаржы министрлігіне «қауіпті субъектінің» кейбір бөлімнің операциялық жүйелері мен құжаттарына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік кілтін алғаны туралы хабарлағаны айтылған. 

Бұл туралы қаржы министрлігі бұзақылықты «үлкен киберқауіпсіздік» деп атады. Тергеуді Федералдық тергеу бюросы мен Киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігі басқарады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қытай қашанда кез келген хакерлік шабуылдарға қарсы болғанын айтты. Вашингтондағы Қытай елшілігінің өкілі өз кезегінде АҚШ билігі мәлімдемесінің негізі жоқ екенін, оның жала екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар