Ақорда: Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарна төлемей-ақ мүше болды

cover Фото: Ақорда

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна төлемей мүше болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кеңеске мүше болу мерзімі 3 жылды қамтиды. 

«Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін мемлекеттің егемен шешімі ғана жеткілікті. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің міндетті шарты емес. Бұл – әр қатысушының өз еркі»,  деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, егер мемлекет алғашқы жыл ішінде 1 млрд доллар көлемінде жарна енгізсе, онда Кеңестегі мүшелік мерзімін белгіленген үш жылдан ұзартуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Вашингтонның тұжырымдамасына сәйкес, Бейбітшілік кеңесі стратегиялық бақылауға, халықаралық ресурстарды жұмылдыруға және Газаның бейбіт дамуына қатысты міндеттемелердің орындалуын қадағалауға жауапты болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар