Ақмола облысындағы су тасқынымен күресуге мектеп оқушылары тартылады
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Макинск қаласындағы мектеп оқушыларының ата-аналарына WhatsApp арқылы жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінен су тасқынына байланысты «көмекке» еріктілер, яғни ұл балалар қажет екені туралы хабарлама келген, деп хабарлайды Orda.kz.
Жақында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімдерінің бірінде құтқарушылардың жаппай қысқартылуына байланысты жанжал болды.
Таратылған ақпаратта балалардың құм қаптауға көмектесетіні айтылған. Хабарлама авторлары мектеп оқушылары ауыр зат көтермейді деп сендіреді. Еріктілерге тамақ беріледі.

Макинск тұрғындарының Orda.kz сайтына жолдаған хабарламаларының скриншоты
Бір күн бұрын Макинск қаласындағы №1 мектепте ғимаратты су басқандықтан сабақ тоқтатылды. NayzaKokshe аймақтық қоғамдық парақшасында, мектептің іші бүлінбегені, бірақ оқушылардың уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілгені жазылды.
Ақмола облысында су тасқыны басталды. Желіде жартылай су басқан үйлердің видеосы тарады. Аталған видеоларға пікір білдірген жергілікті тұрғындар Төтенше жағдайлар қызметі басшылығын сынап жатыр.
Олардың айтуынша, су тасқынының алдын алуға барлық күш-жігерді бағыттаудың орнына, құтқарушыларды өз құзыретіне кірмейтін тапсырмаларды орындауға мәжбүрлеген.

NayzaKokshe Instagram парақшасынан скриншот
«Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алашовтың кемшілігі: ол қызметкерлерді су тасқынының алдын алу жұмыстарына жіберудің орнына, өз күшімен және өз қаражатымен құрылыс жұмыстарын жүргізуге мәжбүрлеген. Осындай бастықтардың арқасында, бәрі жыл сайын қайталана береді» деп жазды пікір иелерінің бірі.
Жақында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жанжал шықты: Шортанды бөлімінің қызметкерлері басшылықтың шешіміне наразылық ретінде жаппай жұмыстан кетті. Жергілікті құтқарушылардың міндетін уақытша Ақкөл өңірінің өрт сөндірушілері атқарып жүр.
Ал, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мемлекет басшысымен кездесуде су тасқыны жағдайын тұрақты деп есеп берді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады