Ақмола облысында шахтада ер адам қаза тапты

cover Фото: Pixabay.com

Бестөбе кентіндегі «Қазақалтын» компаниясына тиесілі «Новая» шахтасынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны шахтаға заңсыз түскені анықталды.

«Ол шахта аумағына заңсыз түскен. Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады облыстық ПД.

Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. 18 қаңтар күні таңертең Теңізшевройл (ТШО) зауытында алдымен бір, кейін екінші электр трансформаторы өртенген еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар