Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін түсіндірді

cover Фото: yvision.kz

Елбасы кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешімін түсіндірді.

– Нұрсұлтан Әбішұлы атқарған қызметтері мен салтанатына қарамастан, біздің заманымыздың көрнекті саясаткері, әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді тұлға – Елбасы болып қала беретінін түсіну керек.

– Қазіргі Қазақстанның құрылуының бастауында тұрған, елге жанын салып, бүкіл саналы ғұмырын соған арнаған тұлғаның қашан да халықтың мүддесі, ұлт болашағы үшін өмір сүретіні баршаға аян деп ойлаймын. Елбасының бұл кредосы өзгеріссіз қалды, - деп түсіндірді Айдос Үкібай.

Қазақпарат мәлімеітне сәйкес, Айдос Үкібай Назарбаевтың бүгінгі шешімі билік транзитінің заңды жалғасы ғана екенін атап өтті.

– Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Нұр Отан» партиясы, әсіресе, қазір пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Президентінің басты тірегі болуы керек. Партия жарғысына сәйкес оның Төрағасын сайлау және қызметтен босату «Нұр Отан» партиясы Съезінің айрықша құзыретіне жатады, - деді Елбасының баспасөз хатшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар