Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл түрде қонды

cover Фото: Air Astana

Бүгін таңғы сағат 07:38-де Алматы-Астана бағытындағы Air Astana ұшағының салонында түтін шығып, экипаж апат жайлы белгі берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.

«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін шығуына байланысты экипаж MAY-DAY апат жайлы белгі берген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметі келді.

Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның батысында 70-ке жуық шетелдік қар құрсауынан құтқарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар