Air Astana акционерлерінің бірі өз үлесінің бір бөлігін сатпақ

cover Фото: Ольга Ибраева («Орда»).

Air Astana әуе компаниясының акционерлерінің бірі — Ұлыбританиядағы BAE Systems корпорациясы компаниядағы өз үлесінің бір бөлігін сатуға шешім қабылдады. Бұл туралы әуе тасымалдаушы бүгін ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Компанияның мәліметінше, акциялардың бір бөлігі аз уақытта ірі қаржы ұйымдары мен инвесторларға сатылмақ. Бұл — акцияларды аз уақыт ішінде нарыққа шығарып сату тәсілі. Air Astana бұл қадамды қалыпты нарықтағы іс-әрекет деп бағалап отыр. Әуе компаниясы бұл шешім күнделікті жұмысқа да, алдағы даму жоспарларына да әсер етпейтінін атап өтті.

Әуе тасымалдаушы BAE Systems корпорациясы Air Astana құрылған 2001 жылдан бері серіктес болып келе жатқанын еске салды. Қазіргі таңда компания ашық акционерлік қоғам ретінде жұмыс істейді, акционерлер құрамы әртүрлі, ал қаржылық жағдайы тұрақты.

Компания өкілдерінің айтуынша, BAE Systems өз үлесінің бір бөлігін сатқанымен, бұл Air Astana-ның негізгі қызметіне ешқандай ықпал етпейді.

Еске сала кетсек, бүгін таңғы сағат 07:38-де Алматы-Астана бағытындағы Air Astana ұшағының салонында түтін шығып, экипаж апат жайлы белгі берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар