Air Astana 4 наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерін тоқтатты

cover Фото: Air Astana мұрағаты

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерді уақытша тоқтататынын ресми түрде мәлімдеді. Шектеулер 3 наурызды қоса алғанға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Orda.kz.

Тасымалдаушының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім қауіпсіздік талаптарына байланысты қабылданған.

«Шешім Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігінің Таяу Шығыс елдеріне ұшуға толық тыйым салу туралы нұсқамасына сәйкес қабылданды»,  деп хабарлады компания 2026 жылғы 28 ақпанда. 

 Әуе компаниясы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отырғанын және кез келген өзгерістер туралы жолаушыларға қосымша хабарлайтынын атап өтті.

2026 жылғы 28 ақпанда Израиль Иранға соғыс ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары жөнінде тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар