Ғабидолла Әбдірахымов вице-министр қызметінен кетті

cover

Ғабидолла Әбдарахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Мұндай ақпаратпен премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов кейбір дереккөздерге сілтеме жасап бөлісті.

Еділов Әбдірахымов отставкаға кеткеннен кейін не істейтінін айтты.

– Кейбір мәліметтер бойынша Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кетті. Ол енді бизнез-жобалармен, оның ішінде инвестиция тартумен айналысады, - деп жазды Еділов.

Orda.kz Әбдірахымовпен байланыса алмады - ол қоңырау мен хабарламаларға жауап бермеді.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі де байланысқа шықпады.

Айта кетсек, министрлік Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы «сәтсіздігінен» кейін ауыр сынға тап болды. Олимпиада ойындарына республикадан 93 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының соңғы нәтижесі - сегіз қола медаль мен 83-ші командалық орын.

Еске салсақ, 2021 жылдың қаңтарында Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған. Бұған дейін ол премьер-министрдің кеңесшісі, Шымкент қаласының әкімі, «Нұр Отанның» хатшысы қызметтерін атқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар