Ақылы жолдар тарифтері көтерілмейді

Нұр-Сұлтанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевпен кездесті. Кездесу аясында өткен жиында автожол және көлік салаларының дамуы талқыланды.
Бұған дейін «Ақ жол» партиясының депутаттары төлем жүйесінің енгізілуіне наразы екендіктерін айтқан жүргізушілер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен болатын.
Вице-министр Берік Қамалиев депутаттардың ескертулеріне жауап беріп, көлік және автомобиль жолдары саласындағы қазіргі ахуалды түсіндірді.
Берік Қамалиев ақылы жолдармен жүру тарифтерінің бес есе өсетіндігі жайлы жарияланған ақпаратты жоққа шығарды.
Тарифтер 2013 жылдан бері, яғни «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолына төлем жүйесі енгізілгеннен бері өзгеріссіз қалған: жеңіл көлік үшін - 1 шақырымына 1 теңге, жүк көлігі үшін - 1 шақырымына 5-тен 25 теңгеге дейін, яғни жүк көтергіштігіне байланысты. Бұдан бөлек, вице-министр біздің елде тарифтер басқа мемлекеттермен салыстырғанда төмен екенін баса айтты.
Барлық 4 ақылы учаскеден 2020 жылы 5,7 млрд. теңге түсім түскен. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ақылы учаскелерден 2,3 млрд теңге жиналған. Түскен қаражаттың барлығы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.
Атап айтарлығы — төлем алу жүйесі тек заманауи қауіпсіздік талаптары мен көлік құралдарының жайлы жағдайларына жауап беретін учаскелерде ғана енгізіледі.
Естеріңізге салсақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы бірінші санаттағы автомобиль жолдарына ақы алу жүйесін кезең-кезеңмен енгізу көзделген.
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты