Ақмолада үйден өрт шығып, 5 жасар бала тірідей жанып кетті

cover

Степногорскіде үйден шыққан өрттен бес жасар бала қайтыс болды. Ата-анасы өрттен тек екі баласын аман алып қалған. Тұңғышын жанып жатқан үйден шығарып үлгермеген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Степногорск маңындағы Байқоныс ауылында таңғы 7:00-де орын алған.

– 85 шаршы метрлік екі пәтерлі үйде өрт шықты. Үйде бес адамы бар отбасы тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын аман алып қалды. Өкінішке қарай, үлкен ұлы қайтыс болды. Ер адамның денесін күйік шалып, Степногорск облыстық ауруханасына түсті, - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 07:14 -те оқшауланып, 07:46 -да сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖМ алты қызметкері мен бір техника шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар