600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
Фото: Orda.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының ұсталуына байланысты түсініктеме берді.
Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, өңірдегі жол саласына қатысты тексеріс жүргізуге Өскемен қаласындағы Шнайдер көпірінің опырылып құлауы себеп болған.
Аталған оқиға өткен жылдың 1 қыркүйегінде автомобиль өткелінде болған. Бұған дейін бұл нысанды жөндеуге бюджет қаражатынан бірнеше рет қаржы бөлінген болатын.
Оқиғадан кейін облыс әкімі құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізіп, автомобиль жолдары мен көлік саласына кешенді тексеру жүргізуді, әсіресе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға басымдық беруді тапсырды.
Сақтағановтың сөзінше, тексеру барысында сол кездегі ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтар анықталған.
«Мен оны сол кезде-ақ сот шешімін күтпей бірден қызметтен босаттым. Қазір онымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. 13 жыл бірге жұмыс істегенімізді ескерсек, оның әрекеті мен үшін күтпеген жағдай болды. Ол менің сенімімді ақтамады» деп жазды әкім Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Сондай-ақ журналистермен әңгіме барысында Нұрымбет Сақтағанов өңірде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қатаң ұстаным бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, «жеке қалтасының қамын мемлекет мүддесінен жоғары қоятындармен әңгіме қысқа, әрі жол екіге айырылады».
Еске салсақ, Шнайдер көпірі 1978 жылы салынған, соңғы екі жылда осымен екінші мәрте апат болып тұр. Қалада Үлбі арқылы өтетін бар болғаны үш көпір бар, сондықтан бұл жағдай көлік қозғалысына айтарлықтай әсер етеді.
Былтыр Өскеменде 1 қыркүйекте Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірі қирап, қақ айырылып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды, оның себебі көпір 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың наурызына дейін күрделі жөндеуге жабылды. Жөндеуге бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Өңірге қатысты соңғы жаңалықтарды ұсынамыз:
- ШҚО-да тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
- ШҚО-да дәл Рождество күні бірнеше адамның өлімі тіркелген
- Үкіметтегі галстуксіз жиын ШҚО дамуына арналды
Жаңалықтар
- Талғардағы трагедия Түркістан облысында қайталана жаздады
- Alatau city-де жер шетелдіктерге жалға беріледі
- Әсет Матаевқа тағылған айыптардың бір бөлігі алынды
- Трамп Израильге ескерту жасады. Таяу Шығыста не болып жатыр?
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты