583 млн теңге жымқырған: Түркістанда 18 адам сотталды

cover Фото: freepik.com

Бәйдібек аудандық білім бөлімінің қызметкерлері — басшылар, есепшілер мен экономистер 49 мектепте жалақыға арналған өтінімдерді қолдан асыра көрсету арқылы бюджет қаржысын жымқырған. Күдіктілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚМА мәліметінше, қылмысқа 18 адам қатысқан. Бухгалтерлер электронды жүйелерге жалған мәлімет енгізіп отырған. Ал басқа күдіктілер қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп айырысу мен жұмыс уақыты табельдерін рәсімдеп, бәрін заңды етіп көрсетуге тырысқан. Осылайша бюджет қаражатынан 583 млн теңге жымқырылған.

Сот үкімімен 14 адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы төрт адамға амнистия қолданылды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар