53 рет ереже бұзған жүргізушіге 1,3 миллион теңге айыппұл салынды

cover Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 53 рет жол ережесін бұзғаны үшін 1,3 миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Suncar Smart Qorgau» жүйесі оның Hyundai маркалы көлігінің Орал қаласы көшелерінде үнемі жылдамдықты арттырғанын тіркеді. Polisia.kz мәліметінше, жүйе автоматты түрде бұзушылықтарды тіркегеннен кейін патрульдік полиция жүргізушіні ұстады.

Тексеру барысында 2003 жылы туған жас жігіттің жылдамдықты жиі асырғаны анықталды. Содан айыппұл мөлшері өсіп кетіпті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар