307— 307: Ресей мен Украина кезекті рет тұтқын алмасты
Фото: Владимир Зеленскийдің телеграм-арнасы
24 мамырда Мәскеу мен Киев Стамбұлда қол жеткізілген «1000-ға 1000» формуласы бойынша уағдаластықтар аясында тұтқын алмасудың екінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тараптар бір-біріне 307 әскери қызметші тапсырды. Ақпаратты РФ Қорғаныс министрлігі мен Владимир Зеленский растады.
«Тағы 307 украиндық қорғаушы үйіне оралды. Бүгін Түркияда келісілген 1000-ға 1000 форматындағы алмасу екінші рет өткізілді. Тек осы екі күнде 697 адам қайтарылды. Ертең жалғасын күтеміз» деп жазды Украина басшысы өзінің телеграм-арнасында.
Оның айтуынша, сенбі күні 24 мамырда еліне оралғандар қатарында - Қарулы Күштердің, Мемлекеттік шекара қызметінің, Украина Ұлттық ұланының әскери қызметшілері бар.
Алмасудың бірінші раунды өтті, екіншісі 25 мамырда өтеді деп жоспарланған. Бірінші күні тараптар 270 әскери және 120 азаматтық адам алмасты.
«Ресей тарапының бастамасымен ауқымды алмасу жалғасатын болады» деп жазылған РФ Қорғаныс министрлігі хабарламасында.
Қазір ресейлік әскери қызметшілер Беларусьте.
Естеріңізге сала кетсек, 16 мамырда Долмабахче резиденциясында өткен кездесуде Киев пен Мәскеу оқ атуды тоқтату туралы келісімге келе алмады, бірақ гуманитарлық мәселе — тұтқындармен ауқымды алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Мамыр айының ортасында Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен келіссөз үстелінде жеке кездесуге дайын екенін айтты.
Биылғы 17 мамырдағы Ресей мен Украина арасындағы Стамбұлдағы келіссөздер барысында тараптар бітімге келмесе де — тұтқын алмасу шешімімен аяқталған болатын.
Дегенмен аталған Украинадағы соғысқа қатысты келіссөздерге Путин де, Трамп пен Зеленский де қатыспады.
Сәуір айында Путин Пасха келісімін жариялап, Зеленский оны қолдап, 30 күнге ұзартуды ұсынды.
Жаңалықтар
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады