«30 мың адам эвакуацияланған»: Калифорния штатындағы орман өрті күшейді

cover

АҚШ-тағы Калифорния штатында орман өрті болып, Эль-Дорадо округінен 30 мың адам эвакуацияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

700 шаршы шақырым жерге жайылған қызыл жалын Тахо көлі маңайындағы курорттық аймақтарға қауіп төндіріп тұр. Айта кетейік, өрт болған аймақтағы барлық ұлттық саябақтар жабылды.

Өрт салдарынан көлік қозғалысы қиындаған. Бүгінде тілсіз жаумен мыңдаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, олар өрттің басталғанынан хабардар. Тіпті, заттарын жинап, көшуге дайындық жасап қойған екен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар