«3 адам көз жұмды»: ШҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

cover Фото: freepik.com

24 қараша күні Тарбағатай ауданындағы Омбы-Майқапшағай жолының 877 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Автожолда Chevrolet Enix және Howo маркалы жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. 

«Үшінші жолаушы ауруханаға жатқызылды»,  деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шығыс Қазақстанда жол апатының саны артып келеді. Апаттың негізгі себебі көктайғақ, қар және жолдың сапасыз тазартылуы. 

Айта кетейік, жуырда ғана Атырау облысының соты 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісіне нүкте қойды. Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндап берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар