27 қыркүйек – Әлихан Бөкейханов өлім жазасына кесілген күн
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1870 жылы, 25 наурызда бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүние есігін ашқан.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың тегі Нұрмұхамедов болған. Кейін жоғарғы оқу орнының соңғы курсында өз қалауымен тегін Бөкейханов етіп өзгерткені белгілі.
Алғыр Бөкейханов Қарқаралыдағы ауыл молдасынан арабша хат таниды. Оған қоса, қаладағы үш сыныпты орыс тілді бастауыш мектепте білімін жалғастырады.

1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепке қабылданады. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқиды. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде білім алған.
Әлихан Бөкейханов 1905 жылы Семей облысы қазақтарының атынан Ресей патшалығына 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланады. Депутат болып сайланған ол дала өлкесінің генерал-губернаторының негізсіз айыптауымен 3 ай Павлодар абақтасына жабылған.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ үшін еткен еңбегі орасан зор. Ұлт көсемі тарих, этнография, әдебиет пен фольклорге арналған жүздеген мақалалар жазған. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Ер Тарғын", "Ер Сайын" сынды халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгісін жинақтады және баспадан шығарды.
Ғалымның қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттары туралы да бірнеше еңбегі бар.

Ұлт-азаттық қозғалыстың негізін қалаушы, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханов 1937 жылдың 27 қыркүйегінде жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесіледі. Үкім сол күні қабылданып, алаштың арда азаматы қаза тапты.
Жаңалықтар
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ