2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді

cover Фото: ҚФФ

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) 51-құрылтайы 2027 жылдың 4 наурызында Астанада өтеді. Бұл шешім ұйымның мерейтойында, яғни 50-құрылтайында Брюссельде жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бельгия астанасында өткен құрылтайға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты.

ҚФФ мәліметінше, 51-құрылтай сайлау сипатында өтеді. Жиын барысында УЕФА президенті және ұйымның атқарушы комитет мүшелері сайланады. 

«51-құрылтайды өткізу Қазақстанда өткен ең ірі халықаралық футбол шараларының бірі болады. Бұл елдің еуропалық футбол қауымдастығындағы позициясын нығайтып, спорт саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді», деп хабарлады ҚФФ. 

Құрылтайды ұйымдастыру және өткізу шығындарын УЕФА көтереді. Бұл шарада Қазақстан бюджет қаражатын пайдаланбайды.

УЕФА құрылтайы құрамына 55 ұлттық қауымдастық кіретін еуропалық футболдың ең жоғарғы басқару органы. Шара барысында еуропалық футболдың стратегиялық дамуын анықтайтын негізгі шешімдер қабылданады. Қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралады, халықаралық жарыстарды өткізу талқыланады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар