2020 жылы ең көп қолданылған құпиясөз белгілі болды

cover

2020 жылғы 200 құпиясөздің рейтингінде биыл көш бастап отырған «123456» құпиясөзі екен. Осы құпиясөз арқылы хакерлердің бір жылда 23 миллионнан астам құрылғыларды бұзып кіргендігі анықталды. Әрі жазылуы жеңіл мұндай құпиясөзді бұзу бір секундтан аз уақытты алатыны аталып өтті.

Ең сенімсіз парольдердің бестігіне енген құпиясөздер:

  • «123456789»;
  • «picture1»;
  • «password»;
  • «12345678».

Сарапшылардың пікірінше, есте сақтауға оңай болатындықтан қарапайым құпиясөздерді жиі қолданады. Бірақ олардың қауіпсіз екендігінде ескертті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар