Бала өртеген 16 жастағы жасөспірімге сот үкім шығарды

cover Фото: Pexels

Қарағандыда  14 жастағы ұл баланы өртегені үшін 16 жастағы жасөспірімге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі бойынша, яғни «кәмелетке толмаған адамға денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру» айыбы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған бір жарым жыл бостандығын шектеу және қосымша бір жыл пробациялық бақылау белгіледі.

Іс материалдарына қарағанда, былтыр 17 қыркүйекте Шашубай ауылында 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы Нұрсұлтанға сіріңкені тұтандырып лақтырған. Оқиғаға дейін Нұрсұлтанның шалбарына бензин төгіліп қалған. Тергеу дерегі бойынша, олар бұған дейін бірге ойнап жүрген. Ересек жасөспірім одан бензин үшін 4 500 теңге төлеуді талап еткен. Төлемеген соң, сіріңке лақтырып, баланың киімін отқа орап жіберген.

Киім лезде тұтанып, күйген мата теріге жабысып қалған. От қойған жасөспірім жедел жәрдем шақырмаған, ересектерге хабарламаған. Керісінше, ескі шалбар әкеліп, күйікке басуды бұйырып, оқиғаны жасыруға тырысқан.

Ата-аналар полицияға жүгінген. Бірақ тергеуші істі бастапқыда «қылмыс құрамының болмауына» байланысты тоқтатқан. Адвокаттың араласуынан кейін ғана іс қайта қаралып, сотқа жетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар