15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстандық 15 жастағы футболшы Кәрім Меңдіханов әйгілі испандық Барселона клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық ойыншы жаңа командаға келесі маусымда қосылады.
«Испаниядағы балалар мен жасөспірімдер футболы халықаралық таланттар үшін әлі де тартымды орталық болып қала береді. Соңғы уақытта футболсүйер қауымның назарын өзіне аудартқан жастардың бірі — Кәрім Меңдіханов. Ол 2011 жылы туған қазақстандық жас футболшы, жеткіншек «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды, келесі маусымда клуб ойыншыларына қосылады» деп жазылған материалда.
Кәрім Меңдіханов Испанияға 2022 жылы келген, содан бері каталондық футбол жүйесінде білім алып, жаттыққан.
Жас талант «көк-қызылдармен» келісімшартқа қол қойып, ресми түрде келесі маусымда команда қатарына қосылады.
Айта кетейік, өткен маусымда ол Серданьола клубында өңірлік лигада өнер көрсеткен. Ал биылғы жылдың басында Сан-Кугат командасына ауысып, ұжым көшбасшыларының біріне айналды. Дәл осы жерде оны ірі клубтардың скауттары байқап қалған.
Ол енді «Барселона» жүйесіне қабылданған алғашқы қазақстандық жас футболшы атанады. Бұған дейін ол «Барселона» жүйесінде бірнеше жаттығулар өткізген.
Меңдіханов мансабын қазақстандық Astana Junior клубында бастаған, ол жерде 2021 жылы «Арыстан Кубогының» үздік форварды деп танылған. 2022 жылы футболшы Испанияға көшті. Бұған дейін ол 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасында «Сан-Кугата» командасында ойнаған және онда негізгі ойыншылардың бірі болған.
Оқи отырыңыз:
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
Жаңалықтар
- Қырғызстан аумағына Ресей ұшағынан оқ-дәрілер түскен
- Италия мен Түркия жағалауында 40-тан аса мигрант қаза тапты
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды
- Тоқаев Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді
- Бақытжан Базарбек: Үкімет тарифті өсірсе — халықтың қалтасы көтермейді
- Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Дұшпандар құрлықтағы соғыста қып-қызыл шығынға ұшырайды — Иран СІМ
- Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты
- «Мошенники» сериалының жұлдызы алаяқтықтың жаңа түрін айтып ескертті
- Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру — қылмыс
- «Маған жала жабылды»: Актер Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
- Полиция растады: «Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық емдеу мекемесінде жатыр»
- Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды