14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді

cover Фото: Mehrnews.com

Пәкістан премьер-министрі Шариф пен Иран президенті Пезешкиан телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz Mehrnews-ке сілтеме жасап.

Шахбаз Шариф Иран басшылығына Пәкістанның ұсынысын қабыл алып, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді өткізуге келіскені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол Пәкістанның өңірде және одан тыс жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілету үшін барлық достас елдермен және серіктестермен жұмыс істеуге ниетті екенін мәлімдеді. 

Өз кезегінде Пезешкиан Пәкістан билігіне алғыс айтып, Исламабадтың делдалдық күш-жігерін жоғары бағалады.

Айта кетейік, бүгін ғана АҚШ пен Иран Пәкістанның араағайындығымен екі апталық атысты тоқтату туралы келісті. Осы кезеңде Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Америка басшысы сондай-ақ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына ықтимал соққыларды екі аптаға шегеретінін айтты. Осы уақыт аралығында атысты тоқтату режимі күшінде болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайтынын мәлімдеді. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар