12 жасар қызды зорлаған ер адам ақталып шықты

cover

Ақмолада 12 жасар қызды зорлаған ер адам алақабилердің шешімімен бостандыққа шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының үкімі:

– Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі («Жасөспірімді зорлау») бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаумен байланысты оқиғаның болмауынан Б.К. алқабилердің шешімі негізінде ақталды.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда болған қылмыс жайында «НеМолчиKz» қоғамдық қоры айтқан. Олардың айтуынша, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2020 жылдың мауысымына дейін үш ер адам 12 жасар қызды тұрақты түрде зорлап келген. Анықталғандай, үшеуі де отбасына жақын адамдар. Олар жасөспірімді сыныптастарыңа айтып береміз деп, бопсалаған.

25 мамырда Көкшетауда екі күдіктіге қатысты сот үкімі шыққан. Біреуі 20 жылға, екіншісі 21 жылға сотталды. Айыпталушылар моральдық өтемақы ретінде 4 млн теңге төлеуге міндеттелген.

Ал үшінші күдіктінің ісін алқабилер қараған. Прокурор оны 20 жылға соттауды сұраған. Алайда, алқабилер кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлаған Целиноград тұрғынын ақтап шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар