«Зорлауды жоққа шығарады»: Талғар ауданында бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болды

cover Фото: Pexels

23 қазанда әлеуметтік желілерде Алматы облысының Талғар ауданында 18 жастағы қыз зорланған соң өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жергілікті қоғамдық «Ауыр Талғар» парақшасы куәгер әйелге сілтеме жасап, 23 қазан күні таңертең Тұздыбастау ауылында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыздың жол жиегінен табылғанын жазды.

«Қызға көмектесу үшін тоқтаған куәгерлердің айтуынша, ол жол бойында тұрып, кенет құлап түскен. Ол жолдан шығарылды. Бірден сағат тоғыздар шамасында 103 бригадасы шақырылды. Артынша қызды ұрып-соғып, зорлағаны, осының барлығынан кейін ол өз-өзіне қол жұмсауды ұйғарғаны белгілі болды», - деді осы оқиғаны хабарлаған дереккөз.

Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырылған, олар оқиға орнына жедел жәрдемге қарағанда тезірек жеткен-ді.

Алматы облысының полицейлері ақпаратты ішінара растады. Бірақ олар алдын ала мәлімет бойынша зорлау болмағанын нақтылады.

«Қыз ұрып-соғу және зорлау фактісін жоққа шығарып, арыз беруден бас тартты. Соған қарамастан полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз», деп мәлімдеді полиция.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар