«Жүзден астам адам ұсталды»: Лос-Анджелестегі көтеріліс ушықты

cover Фото: Бейнеден кадр

Лос-Анджелесте АҚШ-тың көші-қон саясатына наразылық білдірушілер жаппай көтеріліске шықты. Алаңдағылар полиция көліктерін өртеп жіберді. Жүзден астам адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мыңдаған адам АҚШ-тың көші-қон саясатына наразылықтарын білдіріп, көтеріліс ұйымдастырды. Наразы халық күш құрылымдарының қызметкерлеріне тас пен таяқ лақтырып, негізгі жолдарды жауып тастады. Полиция көтерілісті басу үшін, резеңке оқтар мен көзден жас ағызатын газды пайдаланып жатыр. Оқиға орнынан ақпарат таратып жүрген австралиялық журналист зардап шекті.

Наразылықтар 6 маусымда Парамаунт маңында көші-қон рейдтері жүргізілгеннен кейін басталды. Наразылық білдірушілердің көбі — испандықтар. Жүзден астам адам ұсталды. Полицейлер арасында жараланғандар да бар. 

BBC мәліметінше, Дональд Трамп қалаға тәртіп орнату үшін екі мың Ұлттық гвардия сарбаздарын жіберді. Штат губернаторы Гэвин Ньюом президенттің әрекетін арандатушылық деп атады. 

Айта кетейік, Orda.kz АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелеске екі мың Ұлттық гвардия сарбазын кіргізгені жайлы жазған болатын.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар