Журналистке тілін көрсеткен шымкенттік судья жауапкершілікке тартылды
Фото: Бейнеден кадр
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбінұр Қарабаев журналистерге қатысты түсініксіз ишарат жасағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау туралы іс қаралған отырыс барысында судья тілші Ботагөз Омароваға тілін көрсетті. Журналист мұны камераға түсіріп алды. Видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында бейнежазба жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілді, материалдар судьялар әдебі жөніндегі комиссияға, содан кейін Сот алқасына берілді.
«Сот алқасының шешімімен А.Б.Қарабаев ескерту түріндегі жаза қолданыла отырып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады Жоғары сот кеңесі.
Ведомствоның түсініктемесінде Сот алқасы сот қоғамдастығының тәуелсіз тәртіптік органы ретінде қызмет ететінін және жазалау шараларымен айналыспайтынын мәлімдеген.
«Сот алқасының міндеті – судьяларға қатысты жаза тағайындау емес, тиімді тәртіптік шаралар арқылы судьялардың жауапкершілігін арттыруға және сот процесіне қатысушылардың сенімін нығайтуға ықпал ету», деп атап өтті Жоғары сот кеңесі.
Қарабаевтың өзі жағдайға әзірге түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін ол бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі мен Астанадағы Kaspi бөлімшесін басып алуды тергеу сияқты ірі процестерге қатысқан болатын.
Біз осыған дейін журналист Ботагөз Омарова Шымкентте Берденовтің ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысынан күтпеген сәтті әлеуметтік желіде жариялағаны туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді