Журналист Бекболат Тілеуханмен болған оқиға туралы айтты

cover Фото: Orda.kz

Журналист Айнұр Коскина өзінің Facebook парақшасында экс-депутат Бекболат Тілеухановпен болған оқиғадан кейін пікір қалдырды.

Еске салсақ, 29 желтоқсан Мәжілісте Vesti.kz тілшісі Айнұр Коскина Тілеухановтан оның көп әйел алуы туралы сұраған. Депутат оны жасырмайтынын алға тартқан. Осыдан кейін журналист оған Қазақстанда көп әйел алуға заңнамалық деңгейде тыйым салынғанын еске салды. Алайда Тілеухан жауап беруден жалтарып, лифтке бет алған. Журналист оның артынан барған. Журналистің айтуынша, сол жерде депутат оның басынан ұрып, қолындағы құрылғысын сындырған. Артынша Коскина полиция шақырған.

«Журналист ретінде мені Бекболат Тілеухан деген азаматтың жеке өмірі мүлдем алаңдатпайды. Бірақ мені Мәжілістің III, IV, VI шақырылымында және VII шақырылымында бір жыл қызмет еткен биліктегі «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттың қызметі қызықтырады. Өйткені, теориялық тұрғыдан алғанда, ол осы уақыт ішінде мәжіліс депутаты ретінде заң шығарумен айналысты, демек, біздің еліміздің заңдарын сақтауға міндетті» деп жазды журналист.

Қоскина бұған Тілеухан жауап беруі керек дейді.

«Мен арыз жазып, оқиғаны ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабын («Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру») қолдану арқылы қарауды талап етемін» деді ол.

Оқиға туралы ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева да пікір білдірді. Ол экс-депутат Бекболат Тілеуханды қолдап, журналистерге іскерлік этиканы сақтауды ұсынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар