Жұмысшыларына 100 пәтер сыйлаған Тұрсынғали Алагөзовтің әрекеті желіні жарып жатыр

Бірнеше күннен бері қазақстандықтар кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке әйелі — актриса әрі продюсер Баян Алагөзовадан кем құрмет көрсетіп жатқан жоқ. Тіпті оны «жаңа қаһарман» атап, президенттікке үміткер болуға шақырғандар да болды.
Себебі ол Алматыдағы өз кәсіпорнында істейтін 100 қарапайым жұмысшыға пәтер сыйлап, бұл туралы әлеуметтік желілерде ашық мәлімдеді. Алайда, қанша жанашыр болса, сонда қарсы пікір айтатындар да табылады. Сыншыл скептиктер кәсіпкердің бұл жомарттығын тек жарнама және көзбояушылық деп қабылдады.
Orda.kz осы жағдайды зерттеп, жақсылықты жария ету керек пе және Алагөзов Қазақстандағы бизнес пен олигархияда қалыптасқан «қайырымдылық үнсіз жасалуы керек» деген ұстанымды бұзды ма — соған жауап іздеді.
Алагөзов пәтерді қалай сыйлады
Жиын компанияның кең конференц-залында өтті. Қызметкерлердің бір бөлігі үстел басында отырса, бір бөлігі қатарласып тұрды.
Оларға Тұрсынғали Алагөзов:
«Бүгін мен осында отырған барлығыңызға пәтер сыйлағым келеді, достар» деген сәтте залда отырғандар ду қол шапалақтады.
Айта кету керек, «достар» деп отырғаны көбісі 50 жастан асқан ер азаматтар мен әйелдер.
Содан кейін Алагөзов әр қызметкерге жеке-жеке пәтер сертификаты мен кілтін табыстап, қол алысты. Қызметкерлер оны құшақтап, кейбірі көзіне жас алды. Оның айтуынша, пәтер негізінен жұмысшы мамандық иелеріне — еден жуушыларға, жүргізушілерге, жүк тасушыларға берілген. Ал басшылық құрамнан тек 3–4 пайыз ғана қамтылған. Олар кәсіпкермен 15–20 жыл бірге жұмыс істеген қарапайым еңбек адамдары.
«Олардың көбінде мүлдем баспана жоқ», – дейді Алагөзов.
Оны әйелі актриса әрі продюсер Баян Алагөзова да қолдап, жиынға қатысып, пәтер кілттерін тапсыру рәсімін бақылап отырды, кейін әлеуметтік желіде күйеуін осы жомарт әрекеті үшін мақтады:
«Тұрсын, менің барлық оқырмандарым және қазақстандықтар сен үшін қалай мақтанатынымды білсін деймін. Сен – менің мақтанышымсың!» деп жазды ол.
Әлеуметтік желіде бұл қайырымдылық видеосы вирус секілді тарап, біреулерді тәнті етсе, енді біреулерді ашуландырды.
Әлеуметтік желіде Алагөзовтің қайырымдылығы туралы не жазды
Дәстүрлі түрде пікірлер сан алуан. Мәселен, біреулер бұл әрекет жақсылық жасауға ынталандырады деп санап, кәсіпкерге жақсылық еселеніп қайтады деп сенеді.
«Әдетте бұндайды Еуропада да, Америкада да істемейді. Неге біздің халық осындай мейірімді? Рақмет айту керек!» деп жазды Гуля есімді Facebook қолданушысы.
Ол Алматыда туған, біраз уақыт Мадридте тұрған, қазіргі таңда Стокгольмде өмір сүреді.
Ал Дария есімді қолданушы керісінше пікірде:
«Ол (Алагөзов) бизнесінен айырылып қалмас үшін атын шығаруға әрекет жасап отыр. Қалғандары өз ақшасынан қорықпайды, сондықтан тыныш отырады. Бұл – тек сыртқы эффект» деп жазды ол.
Сын айтқандар үкіметке де шүйлігіп: «үнемі ақша жоқ» деп отыра бермей, депутаттар туған жеріне көбірек көңіл бөлуі керек деп санайтындарын жазды.
Ал алматылық кәсіпкер Досан Берікұлы әлеуметтік желіде:
«Жақсылықты тыныш қана, даурықтырмай жасау керек дейді. Бірақ мен онымен келіспеймін. Неге жасырын жасаймыз? Басқа басшылар да өз қызметкерлерін бағалай білуі керек. Мен танитын бір кәсіпкер бар. 10 жыл бойы бизнес жүргізіп келеді. Қол астында 10 қызметкері бар. Солардың бірімен бірге бастады. Оған үй сыйлады. Биыл екіншісіне де пәтер сыйламақшы» деп жазды.
Бұл жазба 255 рет бөлісіліп, 9,1 мың реакция мен 1347 пікір жинады. Көпшілік өздерінің қайырымдылық оқиғаларын да бөлісе бастады.
Мысалы, Әлия 90-жылдары әкесі Тольяттиден көлік әкеліп, оларды бірге жұмыс бастаған қызметкерлеріне сыйлағанын айтты. Жанна есімді қолданушы 20 жылдан бері қызметкерлеріне пәтер алып беріп жүрген көрші ресторатор туралы жазды, ал жетім балаларға шәкіртақы төлеп жүргендер де аталды. Sona Gasimova есімді қолданушы 15 жыл бойы компанияда жұмыс істеген менеджерлерге акцияларын берген кәсіпкер туралы жазды. Мұның бәрі қайырымдылық челленджіне айналып кете жаздады.
«Барлық байлар соған (Алагөзовке) қарап үлгі алсын. Келесіде Динара Сәтжанның күйеуі осы істі жалғастырса дұрыс бола еді» деп жазды Наргиза атты оқырман.
Тележүргізуші Динара Сәтжанның күйеуі — кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов бұл бастаманы қолдай ма, қолдамай ма, белгісіз. Бірақ қайырымдылық мысалдары жалғаса береді. Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов Астанадағы Тимур Құлыбаевтың 400 пәтері, Талдықорған мен Қостанайдағы Данияр Әбілғазиннің, Астанадағы Қайрат Шәріпбаевтың тұрғын үй кешендерін мысалға келтірді.
«Алагөзовтің әрекеті — цифрлық заманда мұндайды жариялау қажет екенін көрсетіп отыр. Бүкіл тұрғын үй кешенін мұқтаждарға беріп жатқан кәсіпкерлер бар, бірақ олар TikTok-қа шықпайды. Шығу керек. Біздің олигархтар әлеуметтік желіге шығып, жасаған жақсылығын көрсетуі тиіс» деп мәлімдеді Нұрлан Жұмағұлов.
Оған жауап бергендер олигарх пен кәсіпкерді салыстырудың дұрыс емес екенін алға тартады. Бірі халықтың байлығын иемденіп, аздаған бөлігін қайтарып жатса, екіншісі — адал еңбекпен тапқан табысын бөлісіп отыр дейді. Тіпті кейбірі «Құлыбаев тапсырыс берген жазба» деп қалжыңдады.
Қалай болғанда да, елдегі басқа олигархтар да өз үлгісін көрсеткісі келді. Informburo.kz өз оқырмандарына кімдер қызметкерлеріне немесе мұқтаж жандарға пәтер сыйлағанын жазды. Олардың қатарында «Қазақмыс» корпорациясы (Владимир Ким), Болат Өтемұратов пен Тимур Құлыбаев қорлары аталды.
«Бұл тізім толық емес, себебі кейбір кәсіпкерлер қайырымдылықты жарнамаламай жасағанды жөн көреді» деп жазады басылым.
Қайырымдылық тыныштықты ұната ма?
Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, Қазақстандағы бизнес пен олигархтарда әзірге тұрақты қайырымдылық мәдениеті қалыптаспаған, ол әлі енді ғана пайда болып жатыр. Бұл үрдіске мемлекеттің өзі де ықпал етуде.
«Қазіргі таңда мемлекет әлеуметтік шиеленісті азайту үшін жасанды түрде қайырымдылық мәдениетін сіңіруге тырысып отыр. Мүмкін бұл дұрыс та шығар. Өйткені халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының көрсеткіші бар. Халық, әрине, бизнеске де сұрақ қояды. Себебі бұл — қазақ менталитетінің, кеңестік тәрбиенің, тіпті жаңа заманғы солшыл-либералды көзқарастың бір бөлігі: байларды жазалап, табысты бөлісу. Сондықтан жағдай нашарлаған сайын, қайырымдылыққа деген сұраныс өседі. Бұл тұрғыда мемлекет осы үрдісті жұмсартуға тырысуда», - дейді ол.
Оның ойынша, жоғары деңгейдегі қайырымдылық — қоғам дамуының бір көрінісі. Бірақ қайырымдылықты жария етуден ұялмау керек. Егер адам заңды жолмен табыс тауып, соны бөлісіп жатса — бұл туралы ашық айтуға хақысы бар.
«Бұл — қалыпты нәрсе. Этикалық екіжүзділікпен үнсіз қалудың қажеті жоқ. Мүмкін, Алагөзов осы үнсіздік дәстүрін бұзған болар. Мен Қазақстанның түкпір-түкпірінде жылына бірнеше рет 1–1,5 млн теңге көлемінде көмек көрсететін ұсақ кәсіпкерлерді білемін. Оларға не мемлекет жүгінеді, не олар өздері бастама көтереді. Олардың ісі БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады»,- дейді Әбішев.
Шын мәнінде, Тұрсынғали Алагөзовтің әрекеті өте жақсы: жомарттық, жаңа пәтер иелерінің көз жасы, оны қолдаған жары Баянның қатысуы. Бірақ қанша адам болса, сонша пікір бар. Сірә, дәл осы пікір қайшылығы мен дау-дамайдың арасында Қазақстанда қайырымдылық мәдениеті қалыптасып келе жатқан болар.
Жақында танымал продюссер Баян Алакөзова мен оның жұбайы Тұрсынғали Алагөзов сәбилі болды.
Сонымен қатар Баян Мақсатқызының айтқан қазақтың сәлем салу дәстүріне қатысты жуықта айтқан сөздері Қазнетті шулатты.
Жаңалықтар
- «Қайрат» – «Реал» матчы кезінде Qazaqstan мен Qazsport сайттары істен шықты
- «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» алаңға шығатын ойыншылары анықталды
- Хасан Қасымбаевтың жартылай жабық соты: Тергеуші адвокатқа ескерту беруін сұрады
- БАҚ өкілдеріне ештеңе естілмейді: Сот Хасан Қасымбаев пен жәбірленуші Аюпжан Тәжиевті беттестірді
- Теңгенің неге күрт құлдырағаны белгілі болды
- Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
- Алматы – Бішкек тас жолындағы апат: 8 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға жеткізілді
- Атырауда 8 жастағы қызды 38 жастағы ер адам ұрламақ болды
- Қазақстанда «жыр» болған 600 мыңның торты: Сот басталды
- «Реал Мадрид» «Қайратты» ойсырата жеңді
- «Өлді деп ойлап орманға тастап кеткен»: Оралда 15 жастағы қызды зорлаған ер адам іздестіріліп жатыр
- Маңғыстауда мұнай өнімдері тиелген жүк көлігі аударылды
- «Реал» Алматының Орталық стадионы бойынша УЕФА-ға шағымданды
- «Өгей әкесі мен анасы да сотталсын»: Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген 38 жастағы ер адам сотталып жатыр
- Әскерде жүрген Нұргелді Байыш есімді тағы бір сарбаз жындыханаға түсті
- Атырау облысында бетін бүркеген төрт адам ҰҚК қызметкерлеріне шабуыл жасады
- Алматы облысында жеке кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түскендер ұсталды
- Қостанайда өз әйелі мен ұлын өлтірген 51 жастағы ер адам тұтқындалды
- Тәліптер Ауғанстанда желіні толығымен өшірді
- Тоқаев пен Трамптың бірге түскен суреті жарияланды