Жоспарлы оқу-жаттығу: Ертең Алматыда дабыл қағылады

cover Фото: freepik.com

Ертең, 25 ақпанда Алматыда «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында жоспарлы тексеру жүргізіледі. Сағат 11:00-де қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Алматы әкімдігі ақпарат таратты. Дабыл соққан уақытта теле және радиоарналар сынақ туралы хабарлайды.

«Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл жоспарлы оқу-жаттығу. «Барлығыңыздың назарыңызға!» дабылын естіген жағдайда теледидарды немесе радионы қосыңыз немесе ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратпен танысу қажет», деп хабарлады әкімдіктегілер. 

25-26 ақпанда қалада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар