Жол апаты салдарынан ер адам есінен алжасты

cover Скриншот

Нұр-Сұлтанда жол апаты орын алып, ер адам есінен алжасып қалған.

Зардап шегушінің анасы Астана телеарнасына оқиға 30 қараша орын алғанын айтқан.

Айтуынша ол баласын төрт күн бойы іздеген. Көзінен жасы тыйылмаған ана ақыры баласын аурухана дәлізініде аянышты күйде тапқан.

Ер адам есінен адасып, сөйлеуден қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, оны Тайота көлігі қағып кеткен.  

«Жағдайы өте нашар болды. Аяқтарын байлап тастаған, жалаңаш, сейсепті үстіне жаба салған, памперсы жоқ, не ішетін суы жоқ, қатты қиналып жатыр екен балам. Ауыр хәлде, көзін аша алмайды. Мені таныған жоқ. Сөйлей алмайды. Ертесіне демалыс күні емдеуші дәрігер Жаркешевпен ұлым кездесті. Мен кештеу келіп, жолығайын деп едім, бәрін ұлыңызға айттым, ұлыңыздан сұраңыз, балаңыз жөнінде айтып бердім деп маған жолыққысы келмеді» деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Райхан Таңатарова. 

Дәрігерлерден әбден көңілі қалған қария өзінің баласына жалған диагноз қойып, оған еш көмек көрсетпестен үйге қайтарып жібергенін айтты.

Дәрігерлер науқасты ауруханадан шығару қағазына ер адамды ішімдік ішіп, бұған дейін есінен алжасқан деп жазған.

Зардап шегушінің жақындары ұлдарын кім қаққанын біледі, бірақ ол адам осы уақыт арасында оның жағдайын білуге тырыспаған да.

Полиция іс туралы еш ақпарат бермейді.

Амалсыздан ер адамның жақындары оны психикалық ауруханаға жатқызған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар