Жетісуда әскери жүк көлігі апатқа ұшырап, бір сарбаз жарақат алды

cover Фото: әлеуметтік желіден

«Алматы – Өскемен» тасжолында «Орал» әскери жүк көлігі мен Toyota жеңіл көлігі соқтығысты. Соқтығыс салдарынан әскери қызметкер жарақат алды, деп хабарлады Orda.kz.

Дәрігерлер сарбазды қарап, үйіне жіберді. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полиция департаментінің дерегінше, екі көлік те зақымданған.

Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар