Жертөледегі алтын құймалар мен миллиардтаған ақша: Гуанчжоудың экс-мэрі өлім жазасына кесілді

cover Иллюстрация: DALL-E

Қытайда сот Гуанчжоудың бұрынғы мэрі Чжан Циге өлім жазасын кесті. Ол сыбайлас жемқорлық пен қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Тергеу анықтағандай, Гуанчжоу қаласының бұрынғы мэрі Чжан Ци мемлекеттік келісімшарт арқылы жер учаскелеріне қатысты мәмілелер жасап бергені үшін жылдар бойы пара алып отырған. Бұл істі тергеу алты жылға жуық созылды.

2019 жылы жүргізілген тінту кезінде құқық қорғау органдары оның үйінің жертөлесінен 13,5 тонна алтын құймалар мен 286 млрд юань шамасындағы қолма-қол ақша тапқан. Бұдан басқа, Чжан Ци элиталық жылжымайтын мүлікке, оның ішінде Қытайдан тыс жерлерге, сондай-ақ қымбат автокөліктер коллекциясына ие болған.

Сот заңсыз баюдың ауқымы соншалық, жазаны жеңілдету мүмкін емес деген қорытындыға келді. Нәтижесінде бұрынғы шенеунік өлім жазасына кесілді.

Қытай билігі сыбайлас жемқорлық туралы істерге қатысты қатаң ұстанымды үнемі атап өтеді. Бұған дейін ҚХР-ның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзян үкімнің орындалуын екі жылға кейінге қалдыра отырып, өлім жазасына кесілген болатын.

Айта кетерлігі, Қазақстан өлім жазасын толығымен алып тастаған әлемдегі 106-шы ел болды. Сенат заңнамаға тиісті түзетулерді 2022 жылы қабылдады.

Құжатты Қазақстан 2021 жылдың 2 қаңтарында ратификациялаған, бірақ соғыс уақытында әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қолдану туралы тармақ қалған. Алайда 2021 жылдың қарашасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасын ешбір ескертусіз толығымен алып тастау керектігін айтқан болатын. Сондықтан депутаттар заңнамаға түзетулер енгізді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінде өлім жазасына кесілген адамдарға істі кассациялық сатыда қарау мүмкіндігіне процессуалдық кепілдіктер сақталған. Қылмыстық-атқару кодексі мен «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңда өлім жазасын орындау түсінігі алынып тасталды.

Еске салсақ, 2025 жылы Сауд Арабиясында кемінде 347 адам өлім жазасына кесілген. Бұл — бақылау жүргізілген уақыттағы ең жоғары көрсеткіш.

Тақырыпқа сай оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті балаларды зорлағандар мен әйелдерді өлтіргендерді өлім жазасына кесуді тапсырды

«Өлім жазасы»: Журналистке шығарылған үкім жұрттың жағасын ұстатты

«Пара алған»: Қытайда бұрынғы мемлекеттік компания басшысы өлім жазасына кесілді


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар