Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
Фото: freepik.com
Жерде әлсіз магниттік дауыл басталды. Ол бір тәулік ішінде күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасы хабар таратты.
«Планеталық масштабтағы магниттік дауылдардың басталғаны тіркелді. Қазіргі уақытта деңгейі G1 (әлсіз дауыл), алайда тәулік ішінде G2–G3 деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Бұл дауылдардың нақты бір себебі жоқ», — деп түсіндірді ғалымдар.
Зертханадағылардың айтуынша, қазіргі уақытта Жердің Батыс жартышарындағы түнгі аймақта қарқынды полярлық сәуле байқалған. Оның қарқындылығы максималды деңгей 10-ға жетті. Бұл сәуле Канаданың барлық аумағы мен АҚШ-тың солтүстік штаттарына көрінген. Ресей аумағы үшін жағдай шамамен 10 сағаттан кейін айқындала бастайды.
Магниттік дауыл – бұл Жердің магнит өрісінің Күннен келетін ерекше белсенділікке реакциясы. Күннен шыққан плазмалық бұлттар немесе ірі жарқылдар Жердің магнит өрісіне әсер етіп, күшті электрлік ток пен полярлық сәуле туғызады.
Сонымен қатар, магниттік дауыл электроника мен байланыс жүйелеріне әсер етеді. Радио және спутниктік байланыс үзіліп, GPS навигациясы дәлдігін жоғалтуы мүмкін. Электр желілерінде ток құбылыстары пайда болып, кейде ақау тудырады. Полярлық маршруттардан ұшатын ұшақтар мен спутниктердің кейбір жүйелері уақытша істен шығуы ықтимал.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
- Пәкістандықтар Тоқаевты саясат қайраткерлеріне берілетін орденмен марапаттады
- Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптес атанып, 37 құжатқа қол қойды
- Тоқаев Пәкістан премьерімен не туралы сөйлесті?
- Запастағы 850-ден астам офицер әскери қызметке шақырылады
- Ресейде мектеп оқушысы сыныптастарын өртеп, балға ала жүгірді
- Қазақстандық дәрігерлер «Нипах» ауруының алдын алу бойынша үндеу жасады
- Илон Маск байлығы 800 млрд-тан асқан тарихтағы алғашқы адам
- «Орнына мені ұр деп айтатынмын». Талдықорғанда туған әкесі ұрып-соққан 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды