Жемқорлыққа қатысы бар: Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды

cover Фото: Orda.kz

Қырғызстанның экс-депутаты Шаирбек Тәшиев «Қырғызмұнайгаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz Vesti.kg сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін, 1 сәуірде ІІМ баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ-нің тергеу қызметі Қырғыз Республикасы қылмыстық кодексінің 336-бабы («Сыбайлас жемқорлық») бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Шаирбек Тәшиев 13 наурызда ішкі істер министрлігіне жауап алуға шақырылған. Қырғыз басылымдары шенеуніктің 14 наурыз күні қайта босатылғанын жарыса жазды. Сонымен қатар, Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Тәшиевті депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешім ОСК отырысында қабылданған. Осылайша оның Жогорку Кенеш депутаты ретіндегі куәлігі жарамсыз деп танылды.

Айта кетейік, Шаирбек Ташиев — Қырғызстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің інісі. Биылғы жыл Тәшиевтер үшін ауыр басталды. 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатты. Ол 2021 жылдың қазан айынан бері министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметін атқарып келген. Денсаулығына байланысты шетелде ем алып елге оралған оны полиция дереу тергеуге алды. Наурыздың ортасында Қамшыбек Тәшиевтың ұлы Тай-Мурас Тәшиев те полицияға шақыртылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар