Әжей немересін ренжіткен 7 жасар балаға қол көтерді

Шымкентте қарт әжей мектепке барып, 1 сынып оқушысына қол көтерген. Енді қария ашуға бой алдырғаны үшін сотта жауап береді.
Бұл туралы Orda.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Тамызда оқушылар дайындық сабақтарын өтіп жатқанда бірінші сынып оқушылары сөзге келіп қалған. Оның бірі үйіне барып, әжесіне шағымданған. Ашулы қария сыныпқа кіріп, екінші балаға дауыс көтеріп, оның бетінен ұрған.
Оқиғаның барлығы видеоға түсіп қалған.
Мектеп директоры «әжейді тоқтатып үлгермедік» дейді.
– Баланың бетінде із қалды. Әйелдің қолында сақина болған деп ойлаймын, - деді «Жас Дарын-2» мектебінің директоры Пернебай Беделов.
Зардап шеккен оқушының ата-анасы полицияға арыз жазып, баласын басқа мектепке ауыстырып жіберді.
Полицияға арыз түскеніне 2 ай болса да, қария әлі жазаланбаған.
– Екі айлық тергеуден кейін іс сотқа кетті, - деді жергілікті полицияда.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 73-бабы (Ұрып-соғу) бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қария 30 мың теңге айыппұл төлеп не 10 күнге қамауға алынуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Құмар ойынға әуестігі үшін 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды
- Алаяқтар арбауы: Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі далада қалды
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды