Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды

cover Фото: oq.gov.kz

Танымал жазушы-этнограф, астролог, ғалым, әдебиет сыншысы Болат Бопайұлы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы «Қамшы» ақпарат порталының жетекшісі Қуаныш Біләл facebook парақшасында жазды.

«Қазақ Болат Бопайынан айырылды. Қайран ағам-ай…» деп жазды ол. 

Болат Бопайұлы 1960 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасы Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген. 

1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тіл-әдебиеті факультетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантураны бітірген.

Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырыбын терең қаузап,  30-дан астам кітап жазды. «Қазақ кəдесі», «Қазақ мінезі», «Қазақ таныған гүлдер»,«Қазақ аспан есебі», «Қазақтың түс жоруы», «Қазақ наурызнамасы» сынды кітаптардың авторы. 

Болат Бопайұы Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, қазақ ұлттық салт-дəстүр, әдет-ғұрып акедемиясының акедемигі. Назарияшы, ағартушы , ұлағатты ұстаз. Қоғам қайраткері, ҚР «Мəдениет үздігі» төс белгісінің иегері, ҚР құрметті азаматы, «Қазақ халқаралық туристік кешені» жобасы патентінің иесі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар