Жасырын куәгер мен Тәжиевтің ұлы: Хасанның адвокаттарын сот залынан шығарып жіберді
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден
Талғар қаласындағы Хасан Қасымбаевтың және серіктерінің соты 3-күн қатарынан өтіп жатыр. Сондай-ақ куәгерлер әлі сотқа келіп өз нұсқаларын айтып жатыр. Сот өкілдерінің айтуынша, сотта сұралатын куәгерлердің саны 31 адам.
Orda.kz тілшісі сотқа барып, тікелей ақпарат таратты.
2021 жылы Хасан Қасымбаев ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген еді. Ал Арман Әлімов дүкеннің алдында оны соққыға жығып көлікке салып алып кеткені туралы сотта айтты.
Хасан Қасымбаевпен бірге Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров есімді азаматтар да айыпталып отыр. Істе олардың Арман Әлімовті дүкеннің алдында күш көрсетіп алып кеткені жазылған.
Кешегі сотта Хасан Қасымбаевтың қылмысын тергеген тергеуші Ғ. Нариманұлынан жауап алынған болатын. Алайда жауап алу кезінде Хасанның адвокаты Ерлан Меңдешов екеуінің арасында кикілжің туындап, бір-біріне ескерту жасау туралы судьяға өтініш айтты. Сондай-ақ, екінші жәбірленуші Аюпжан Тәжиев пен Хасан Қасымбаевты сот беттестірді. Беттестіруді адвокаттар мен прокурор, судья онлайн көріп отырды. «Баяғы жартас – сол жартас» демекші, әдеттегідей беттестіруде Тәжиев пен Қасымбаевтың не айтқанын БАҚ өкілдері ести алмады.
Айта кетейік, өткен сотта дәл осы Тәжиев Қасымбаевқа еш шағымы жоқ екенін айтқан болатын. Тағы бір айта кетерлік жайт, Тәжиев сот залында айыпталушылардың көзінше жауап беруден бас тартты.
Айта кетейік, тілшілер көрші бөлмеден теледидар арқылы сотты қарап отыр. Дауыс жаңғырығып дұрыс естілмейді.
Айыптылардың күзеті кешігіп бүгінгі сот 1,5 сағатқа кеш басталды. Сондай-ақ сотқа Хасан Қасымбаевтың мүддесін қорғаушы жары мен Арман Әлімовтің анасы да кешігіп келді. Жалпы, 10:00-де басталатын сот, 11:30-да басталды.

Сотқа куәгер Е. Дүйсенов келді. Ол Арман Әлімовтің айтқан төбелесінде болған адам. Еске сала кетейік, 22 тамыз күні өткен сотта Арман Әлімов оқиға 2020 Еңбекшіқазақ ауданында болған атыстан басталғанын айтқан болатын. Ол атыста Ғалымжанов Мадияр жарақат алған. Осыдан кейін Хасан Қасымбаевтың інісі Ержан Қасымбаев Әлімовке хабарласып, атысқа қатысы бар-жоғын сұраған.
Жалпы сотқа 3 куәгерден жауап алынды. Біріншісі — Е. Дүйсенов, екіншісі — Аюпжан Тәжиевтің ұлы, үшіншісі — жасырын куәгер.
«Алдыңғы сотта Аюпжан Тәжиев 2016 жылы қазір іздеуде жүрген қылмыскер оның ұлының телефон сататын дүкеніне келіп оған күш көрсеткені туралы айтқан. Ал бүгін ұлы келіп, өз әкесінің айтқанын жоққа шығарды. Ал өзі қылмыскердің кім екенін білетінін, онымен жай ғана бір ауылда тұрғандықтан, сырттай танитынын айтты», – деді Ерлан Меңдешов.
Сондай-ақ Меңдешов келесі сотта БАҚ өкілдерін сот залына кіргізу мүмкіндігін тілге тиек етті.
Сот кезінде екі тарап сот кеңсесінен шығарылып, жасырын куәгер онлайн түрде адвокаттар мен прокурорлардың сұрағына жауап берді. Алайда ол жасырын куәгердің кім екенін әзірге беймәлім.
Келесі сот отырысы 6 қазан күні саған 10:00-де жалғасады.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Шерзат Полаттың өлімінен кейін айтыла бастады. 2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған.
Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп