Жаңа тағайындаулар: Ирғалиев – экономикалық көмекші, Баспаев кеңесші

cover

Бірқатар отставкалардан кейін Тоқаев жаңа тағайындауларға қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2 қыркүйек, сенбі күні таңертең негізгі шенеуніктердің қатарын жаңартуды жалғастырды.

Әсет Арманұлы Ирғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ирғалиев бұған дейін әр жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Жобаларды басқару орталығының басшысы қызметтерін атқарған. Соңғы бірнеше жылда ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Сондай-ақ бүгін Баспаев Ернар Жеңісұлы Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін Ернар Баспаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Соңғы жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының меңгерушісі, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2022 жылғы 13 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар