Жаңа конституцияның жобасы таныстырылды

cover Фото: gov.kz

Комиссия Қазақстанның жаңа конституциясының бірінші жобасын дайындады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бірінші жоба конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында қаралды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

«Конституцияның преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді ол.

Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан президенті конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа 22 қаңтарда қол қойды. Жаңа органның негізгі мақсаты — елдің Ата заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тоқаев жанындағы консультативтік-кеңесші орган конституцияны реформалау жөніндегі ұсыныстарды дайындаумен, сондай-ақ оларды құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан пысықтаумен айналысады.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар